Коронавирус пен пневмониядан тағы 36 адам қайтыс болды

0 415

Қазақстанда 25 сәуірде бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды, тағы 179 науқастың жағдайы ауыр, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Қайтыс болғандар ішінде 29 науқастың коронавирус жұқтырғаны расталған, тағы жетеуі коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған. Бірақ ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

2021 жылғы 25 сәуірдегі мәлімет бойынша 12 жаңа жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталған. 55 адам жазылып шыққан.

27 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 260 адам коронавирус инфекциясынан (41 861 КВИ+ және 399 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 785 науқас стационарда, 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 756 адамның жағдайы ауыр;
• 179 науқастың жағдайы өте ауыр;
• 110 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.