«Тәуелсіз Қазақстан – есірткісіз болашақ»

0 8

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қаратау қаласында «Тәуелсіз Қазақстан – есірткісіз болашақ» атты велошеру ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушылар қоғам үшін өзекті мәселе – есірткінің зиянына қарсы үн қосып, жастарды денсаулықты сақтауға, бос уақытты тиімді өткізуге және белсенді өмір салтын ұстануға шақырды.

Мұндай шаралар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қауіпсіз қоғам құруға ықпал етеді.

Велошеру – тек спорттық шара ғана емес, ел болашағы үшін маңызды бастама. Себебі салауатты, саналы ұрпақ – тәуелсіз еліміздің берік тірегі.

Жастар таңдауы – спорт!
Болашақ таңдауы – есірткісіз өмір!

Leave A Reply

Your email address will not be published.