ТҰЖЫРЫМДАМА ТИІМДІ ІСКЕ АСУЫ КЕРЕК

0 47
🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Дәурен Бағжановтың қатысуымен кеңес отырысы өткізілді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, мекеме және бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 2026 – 2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарының орындалуы және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.
🔰Аталмыш мәселелер бойынша аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің міндетін атқарушы Е.Дүйсенбиннің, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Мұсахметовтың, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қ.Тлеубаевтың, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Мелдеевтың, Отбасын қолдау орталығы директоры Ғ.Искеновтың және Жастар ресурстық орталығы М. Прімбектің, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері орынбасары Е.Бақытұлының және Жаңатас қаласының әкімі И. Домалақовтың атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы уақыттағы жоспарлары тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, Дәурен Орайұлы тұжырымдама аясында тиісті жұмыстар атқаруы бойынша бірқатар басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
Сарысу ауданы
Leave A Reply

Your email address will not be published.