ЛАГЕРЬ — КӨҢІЛДІ БАЛАЛАР АЛАҢЫ

0 30
🔰Балалар үшін жазғы демалысты ерекше көңіл -күймен қарсы алып, ұмытылмас сәттермен өткізгеннен артық бақыт бар ма? Бұл орайда балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерлері де жүйелі түрде жұмысын жандандырып келеді.
Жаздың жаймашуақ күнінде бастау алатын демалыс сауықтыру лагерлері балаларға бақытты балалық шақты сыйлап қана қоймай, ұйымшылдыққа, білімге және жарқын интелектке үйретеді. Түрлі зияткерлік ойындар мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы спорттық шаралар ерекше көңіл — күй сыйлайтыны анық.
🔰Бүгін орталық алаңда Жуалы ауданындағы «Тау самалы» жаздық сауықтыру лагеріне ауданымыздан 400 оқушы аттанды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген Жұмат Жұмабекұлы балаларға сәт сапар тілеп, шараның маңыздылығына тоқталды.
Лагерге аттанған балалар жүздері бал-бұл жайнап, қуанышқа кенеліп, лагердегі қызық сәттермен келген соң бөлісетіндігін айтты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.