КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТТЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

0 40
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Соңғы жылдары Тараздың орталық көшелеріндегі тұрғын үйлердің бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, 2024 жылы Төле би даңғылы бойында орналасқан 12 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы келбеті жаңартылды. Ал 2025 жылы Абай даңғылы, Әйтеке би және Қазыбек би көшелеріндегі 15 тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп, заман талабына сай жаңғыртылды.
Нәтижесінде шаһардың көркі артып, көшелердің эстетикалық келбеті айтарлықтай жақсарды.
Бұл бастама ағымдағы жылы да өз жалғасын табуда. Бүгінде Абай даңғылы, Желтоқсан және Ы.Сүлейменов көшелерінің бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттері жаңғыртылып жатыр.
Қала әкімі жауапты сала басшыларына жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары қаланың сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін жайлы әрі көркем орта қалыптастыруға ықпал етуге тиіс екенін атап айтты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.