«ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

0 8

Бүгін  «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында «Өмірге құштар жандар» атты ерекше экскурсия ұйымдастырылды. Шара Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Шараға «Қазақ зағиптар қоғамының» мүшелері қатысты.

Танымдық тур «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылды. Экскурсия жетекшісі Алтынбекова Ақгүл Жанболатқызы қатысушыларға өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасы туралы мазмұнды ақпараттар берді. Сондай-ақ көне Тараз қалашығындағы алғашқы қоныстардың, керуен сарайлардың, моншалар мен зындан, медреселердің тарихына тоқталды.

Әсіресе, 2011 жылғы археологиялық қазба жұмыстары кезінде ескі Көк базардың астынан табылған қалашық тарихы зағип оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырды. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тарихи орында естелік суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.