КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы аптада аппараттық кеңестің кезекті отырысы өткен болатын. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар бөлім басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, ауылдық округке жасалған зерделеу жұмыстарының қорытындысы да талқыланды.

Ең алдымен аудандық ветеринария бөліміне қатысты өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, жануарлар арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу, Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасынан аудан тұрғындарын қорғау, қора-жайларды залалсыздандыру сынды жұмыстардың жүзеге асу барысын сараладық.

Кеңес барысында аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің атқарған жұмыстары мен өзекті мәселелері де тыңдалды. Мұндағы ең негізгі түйткіл — қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газбен қамту болып отыр.

Көгілдір отын көпқабатты тұрғын үйлерге кіргізілгенімен, бірқатар тұрғындар әлі күнге дейін газ баллондарын пайдалануда. Бұның тұрғындар үшін қауіпті екенін, оның салдары да үлкен болатынын түсінуіміз қажет. Сол себепті де түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі