Жамбыл облысында басқарма басшысы тергеуге алынды
Пандемиядан пайда көрді деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы КТК хабарлады.
Қалиевке Ақтөбе облысында жүрген кезінде медициналық қондырғы алуға бөлінген қаржыны талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. Қаржы қауіпті індетпен күресу үшін қазынадан бөлінген. Мәліметтерге қарағанда, Ақтөбе облысының бұрынғы денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бірге тағы бірнеше адам тергеліп жатыр. Алайда, құзырлы орындар бұл туралы ашып айтпайды.
Әсет Қалиев аймақтың бас дәрігері қызметінен былтыр жазда босатылған. Сосын басқарма басшысы болыа Жамбыл облысына ауысқан.
Алайда, оның әріптестері үстінен қылмыстық іс қозғалып жатса да, шенеуніктің әлі мемлекеттік қызметте жүргенін растады. Ақтөбедегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеумен айналысып жатыр. Алайда, басқарма басшысына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат берген жоқ.
«Іс қозғалғанын растаймыз. Бұрын хабарлағанымыздай, қазір қылмыстық іске қатысты егжей-тегжейлі ақпарат жариялай алмаймыз», – деп жауап берген Ақтөбе облысы жермқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Дархан Мүсіров.
Дереккөзі: https://turkystan.kz/article/144547-zhambyl-oblysynda-baskarma-basshysy-tergeuge-alyndy