Қатын алма, қайын ал

0 27
—Әй, пошымыңнан айналайын бері кел- деп, Бердіс ақсақал
бар таза киімін киіп айнаның алдына он барып, қалта телефонына жүз үңіліп жүрген кішкентай немересін қасына шақырды.
Қасына келіп,телефоннан көз алмастан «Ау, ата не айтасың? Тойға асығып жүрмін. Дос балам үйленіп жатыр, соған барам» деді.
—Еее, дос балаңда өзің сияқты болса ненің мәнін біліп үйленіп жатыр дейсің? Алып жатқан келін қай жақтың баласы? Жеті атасы кімдер? Бала жұмыс істей ме? Әлде, жұмыс жоқ болғасын ерігіп, әке шешеге екінші «жұмыссызды»
бағуға әкеліп жатыр ма? — деп Бердіс ақсақал мысқылдай сөйледі.
—Ойй, ата. Жеті атасын не қылсын. Атасына үйленейін деп жатқан жоқ қой. Жұмыссыз болса, мойнына семья түссе өзі үшін талаптанып жұмыс істер, «бас екеу болмай мал екеу болмайды» деп әке шешесі үйлендіріп жатыр—деп немересі де қояр емес.
—Қара басы жүргенде жұмыс таппағасын келін екеуі жұмыс қарайын деген ғо. Әлде жұмыссыздықтың алдына
«Жұмыс істегің келсе үйленіп кел» деген жазу жазып қойыппа? Ол қалай өз басының мәселесін шеше алмай жүріп екінші мәселені мойнына алып жүр? Ол келінді алған екенсің, бағып қағуда керек қой.Ел қатарлы киіндіресің,қонаққа апарасың? Соның бәрі қаржыға тіреледі емес пе? Келесі жылы ол екі мәселеден үшінші мәселе туады, онда қайтеді? —деп сұрақтың астына алып жатыр еді, немересі
—Тууу, ата сен де қызықсың. Енді ол оның ата анасының шаруасы ғой. Бұйырғанын көреді де. Оған басыңды ауыртып қайтесің. Мен үйленетін кезде аралассаңыз болады— деп, күлді де, қуақылана —Мен, бірақ салмақ салмаймын. «Қатын алма қайын ал» деген, мен бай жерден бастықтардың бірінің қызын алам—деп атасының бет жүзіндегі өзгерісті сынай қарады.
Аз кем үнсіз тұрған Бердіс қария
—Еее, сабақты 4-5 ке оқып бітіргеніңе қарап сен бір басқалардан өзгешелеу болама десем, сенің де әуселең белгілі екен ғой.
Сондай мақалдарды теріс түсініп жаттайсыңдар да, кейін ілініп салынып отбасы болалмай жүресіңдер.
«Бас екеу болмай, мал екеу болмайдың» дұрыс енді. Өзің бойдақ едің үйленесің делік сонда бір басың екеу болады.
Енді мал екеу болу үшін үйіңде бір малың болу керек емес пе? Әлде келін екі мал ертіп келеме? А!? Өзіңдегі азырақ малды көбейтіп дастарханыңның берекесін кіргізетін әйел болады. Ал кейде керісінше берекеңді қашырып, қан қысымыңды асырып, тапсаң наныңды, таппасаң жаныңды жейтін әйел болады. Бұлардың бәрі келіннің тегіне, шыққан ортасына, тәрбиесіне байланысты. Қазақта тектілік деген сөз бар «Текті жерден қыз ал» деген ұстаным бар.
Бай бастықтың бәрі текті тұқым деген емес. Қазіргі заманда ұрлық қарлықпен байып алғандар да жетіп артылады. Жеті атасынан ырзық несібесі кемімеген, берекет пен қанағатты білетін тұқым өте сирек. Ырыс қонып, бақ дарыған деген тұқымдарды сәбет өкіметі құртты. Күншіл көре алмаушыларды қарсы қойып, бақ берекесі барларды итжеккен айдады, түрмелерге тықты, атып құртты. Орнына орыстың айтқан әр сөзін «заң» деп қабылдайтын сауатсыз, надан жарамсақтар отырды. Азын аулақ шетел асып аман қалғандардың ұрпақтары барған жердің салт дәстүрімен Қазақылықты араластырып қойыртпақ жасаса, кейбірі сол елдің тілінде сөйлеп солардың салтын ұстанды.
Міне балам Қазақтан тектіліктің кетуі осы тұста бастау алды. Мәрт, жомарт, қолы ашық текті байлардың орнына алаяқ, жарамсақ,надандар, мансапқұмарлар басты. Бұларда тектіліктің тамшысы да жоқ.
Үкіметтен, елден жымқырып шала байып отырғандарда берекет болмайды, тәрбиесі жұтаң болады. Балаңның нағашысы солай арам байыған болса, сенің ұрпағыңда дұрыс адам болады деу қиын.
Сондықтан Қазақ әуелден ұрпаққа қатты мән берген, баланың бойындағы мінездің көбі шешесінің төркініне тартатынын білген Қазақ қанға, текке өте қатты қараған.
Ертеде қариялар ел жұртты аралап, айлап қыдырыстап жүретін болған. Сол қыдырыс кезінде көздеріне түскен қыздарды сырттай сынап, бағасын беріп жүрген.
Ұмытпасам Ә. Кекілбаевтың «Құсқанаты» деген бір әңгімесінде осы жағдай жазылған сияқты еді. Қолың тигенде тауып оқырсың.
Сендердің ойларың тым келте,
«Бай жердің қызын алсам бар мәселені шешіп алам» деп ойлайсыңдар. «Қайын жұртым өздері үшін көмектеседі» деген ой бойларыңды жайлап алған. Ол дұрыс емес. Тектілік деген тек байларда болады деген қате пікір. Қазақтың би шешендерінің өмірінен мағұлымат теріп, оқып көрші,
көптеген билер келінді,аста төк асы бар байдың үйінен емес, қарапайым қараша үйден тапқан кездері көптеп жазылады—деп анық он бес минут сөйледі.
Ертегі тыңдағандай болып аузы ашылып тыңдаған немересі, көзін жыпық жыпық еткізіп
—Ата, мен сонда кімді алам, кімге үйленем. Әлде сен тауып бересің бе? Сен айтқан қызды сүймесем немесе ол мені сүймесе қалай отбасы боламыз? —деп шарасыз адамның кейіпінде отыр.
—Міне балам, Қазақтың осы жерде тағы бір даналығы.
«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген. Таңдаған ұнатқан адамыңының арғы бергі жағын танып, дұрыс ұрпақ табам ау деген жанға сөз айтқанда ұл да қызда «Не көрсекте бірге көреміз» деген жанды таңдау керек. Ол үшін көп оқу керек, түсініп оқу керек. Әке шешеңнің ақшасына сессияңды жауып отыратын оқу емес, өзің үшін, өміріңе керек болар ұлағатты әңгімелерді оқу керек. Қазіргі жағдайда тектілік қанмен емес, тәрбиемен келетін де болды. Сатып алған біліммен, біреулердің қолдауымен өмір сүрудің арты өкінішке апарады. Артыңда, текті, түсінігі мол ұрпақ қалдырып солардың әрбір ісіне мерейің өсіп отырсын десең сен ұлтыңның өткенінен ұлағатты сабақ ал. Текті адам аштан өлетін болса да кісінің ақысын, елдің несібесіне ауыз салмайды.
Текті жігіт елдің қамын жейді, тексіз жігіт елдің малын жейді.
Үйленем десең әуелі менімен ақылдас, өліп қалмасам жол жөнін айтамын. Енді бар тойыңнан қалып қойма—деп немересінің арқасынан қақты.
Бердіс қария » Пошымыңнан айналайын, не түсінгеніңді кім білсін? Аман жүрші. Тек миыңда тамшы сәуле қалса ол да олжа» деп шүкіршілік етіп, аулаға шығуға оңтайланды.
Ал, құрметті оқырман, таза, текті Қазақ қалды ма қазір? Әлде бәріміз орыстың тәрбиесімен кетіп, тәуелсіздік алғасын бәсекелестікке еріп құлқын үшін ғана өмір сүретінге айналып кеттік пе?
  • Мурат Кенжебаев . Бейнеу.
Leave A Reply

Your email address will not be published.