Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

0 15

Талас ауданы, Қаратау қаласының орталық алаңында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты қоғамдық-мәдени іс-шара өтті.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттау аясында ұйымдастырылып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталды.

Іс-шараның мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамда сыйластық пен өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыру.

Шара барысында Талас ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Төлендіұлы және құқық қорғау органдарының өкілдері сөз сөйлеп, отбасындағы татулық пен бірліктің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шара аясында Талас халық театрының қойылымы сахналанып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.