«ИТ ҚҰРЛЫ ҚАДІРІ ЖОҚ, АДАМДАР-АЙ» !

0 35
Арамдығын кешірдім арамзаның,
Дос түгіл дұшпаныма адал жаным.
Жақсы жағын сүйемін мен бәрінің,
Бірақ, өсек қылмаймын жаман жағын.
Адам неге адамды алалайды ?
Жүрексіздер жүректі жаралайды.
Алдыма түсуді ойлап жүрген жандар,
Артына, неге бір рет қарамайды ?
Тасадан тас лақтырып жүргендерге,
Қастық қылу деген жоқ мүлдем менде.
Алтыннан қымбат болып көрінемін,
Алтынның тас екенін білгендерге.
Жақсыларды жүрсеңдер жамандамай,
Өмір сүрер едік қой алаңдамай.
Қадірі бар адамды ит қылатын,
Ит құрлы қадірі жоқ адамдар-ай.
Авторы — Ершат Қайболдин
Leave A Reply

Your email address will not be published.