Жандос Нарымбетұлы Әбдібаев Жамбыл облысының прокуроры лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жандос Нарымбетұлы Әбдібаев Жамбыл облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Ж.Н. Әбдібаев еңбек жолын Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.
Әр жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
2022 жылғы тамыздан Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.