Халық үніне құлақ асатын мемлекет

0 26
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан жер, жол жөндеу, жарық, Сәтбаев көшесі, №2 үйді жөндеуден өткізу, ағаштарды кесу, қураған ағаштарды кесу, тұрғын үй мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар тұрғын үй, қоқыстарды уақыты тазалау, Байзақ батыр көшесі бойындағы аялдаманы қалпына келтіру, Байзақ батыр мен Түймебай Әшімбаев көшелерінің қиылысына бағдаршам қою және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер назардан тыс қалмады.
Шаһар басшысы өз кезегінде барлық мәселе заң аясында жоспарға сай шешімінін табатынын жеткізіп, сол бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.