Жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға рақымшылық жасала ма
Мәжілісте жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы мақұлданды.
Рақымшылық жайлы ақпарат тарағаннан-ақ жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарға (608 бап) жеңілдік жасау керек деген бастамалар көтерілген. Алайда ІІМ бұл бағытта ұстанымымыз берік деп, оларға жеңілдік беруге көнбеді.
Бүгінгі отырыста ІІМ министрінің орынбасары Санжар Әділов рақымшылыққа тек әкімшілік айыппұлдар қамтылатынын айтты.
Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы бұған дейін жарияланған еді.
Ол бойынша сотталған 15 мың адамның жазасы жеңілдеп, 17 млрд теңгенің айыппұлы кешіріледі.
Фото: kstnews.kz