Қордай ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0 40
Қордай ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 маусымдағы бұйрығымен әкімнің орынбасары лауазымына Нұрболат Сатымқұл тағайындалды.
Нұрболат Ақынғалиұлы 1992 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген.
2014 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2016 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының Ақпарат және талдау орталығында консультант ретінде бастап, кейін осы басқармада және облыс әкімінің баспасөз қызметінде бас маман, бас инспектор секілді жауапты қызметтерді атқарды.
Ақпараттық сала мен ішкі саясат бағытында мол тәжірибе жинақтаған ол 2020 жылдан бастап Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімін басқарса, 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін осы аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет етіп келді.
Отбасылы, екі қыз тәрбиелеп отыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.