ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ж.М.Тамаев Жуалы ауданындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында жауапты мамандар мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты шектеулердің, әлеуметтік кепілдіктердің (еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу және т.б.) сақталуы бойынша түсіндірмелер берді.
Сонымен бірге, қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеу, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу, мемлекеттік және азаматтық (жүргізушілер) қызметшілер арасында қызметтік автокөліктерді тек лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану және мемлекеттік қызмет саласындағы жиі орын алатын бұзушылықтардың алдын алу бойынша атап өтті.
Одан бөлек, Мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы немесе құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатындығы және БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарына жол бермеу қажеттілігі туралы жеткізілді.
Іс-шара соңында қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді.