Жамбылда республикалық «Auyl Jastary» форумы өтті

0 61
29-30 мамыр күндері Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Талбесік» этноорталығында республикалық «Auyl Jastary» форумы өттіАуқымды алаң еліміздің барлық өңірлерден келген 300-ге жуық белсенді ауыл жастарын бір арнаға тоғыстырыпжаңа идеялар мен бастамалардың орталығына айналды.
Форумның негізгі мақсаты – ауыл жастарының әлеуетін ашукөшбасшылық қасиеттерін дамыту және өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Форум алғысөзі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің және «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев қатысушы жастарды еліміздің болашағы үшін аса маңызды бағыттардың бірі – жасанды интеллект пен цифрландыру саласына белсенді араласуға шақырды:

«Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды саяси реформаларсондай-ақ 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы ең алдымен жастарға бағытталған және олардың мүддесі үшін жүзеге асырылудаБұдан бөлекмемлекеттік саясат жас ұрпақтың әлеуетін толық ашуғаөз идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруғажан-жақты өзін-өзі дамытуына және жеке әрі ел дамуына үлес қосуына жағдай жасауға бағытталған.

Осы мақсатта республикалық жастар форумы өткізіліп отырБұл – еліміздің барлық өңірлерінен келген дарынды әрі бастамашыл жастардыбіріктіретінтәжірибе алмасуғажаңа идеялар қалыптастыруға және ауылдық аумақтарды дамыту мен цифрлық трансформация үдерістеріне жастарды тартуға бағытталған практикалық шешімдер ұсынатын алаң», – Серік Егізбаев.

Құттықтау сөзімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерболат Саурықов, Мұқаш Ескендіров және Әбутәліп Мутәлі, «Ауыл» партиясының республикалық жастар қанаты «Auyl Jastar» төрағасы Дәурен Рахымбек, «Hackathon 3.0» республикалық байқауының жеңімпазы Асқар Рахым, өңірлік жастар форумдарының AI-менторы Наталья Абрамова, креатив және жастармен жұмыс департаментінің директоры Мақсадбек Абдужаббаров сөз сөйледі.

Форумның бірінші күнінде қатысушылар арасында командалық рухты нығайту мақсатында тимбилдинг, делегаттардың шығармашылық кешісондай-ақ жастар үшін әуе шарымен ұшу ұйымдастырылды.

Екінші күні форум «AI Education TalksБілімгежаңа көзқарас», «Business TalksИдеядан табысқа» және «Motivation TalksЖастарға серпін» атты білім беру және мотивациялық кездесулермен жалғастыЕкі күн бойы қатысушылар технология, жасанды интеллект, кәсіпкерліктұлғалық даму және қоғамдық көшбасшылық салаларындағы тәжірибелі спикерлердің дәрістерін тыңдаппрактикалық сессиялар мен ашық пікірталастарға қатыстысондай-ақ тәжірибе мен жаңа идеялармен алмасты.

AI Education Talks секциясында қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықовкітапсүйер және блогер Хамит Ердехансондай-ақ Daryn Teacher Group компаниясының директоры Ерлан Абдиманапов сөз сөйледі.

Business Talks секциясында мотивациялық баяндамалармен агрофермер Жұлдыз Гафароважеке кәсіпкер және Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жанат Алтангадас, «Аграрлық несие корпорациясы» Жамбыл облыстық филиалының несие бөлімінің басшысы Мирас Ағәділ сөз сөйледі.

Motivation Talks алаңында Capable group және Khazret group негізін қалаушы Хазрети-Али Оразалиев, сондай-ақ қазақстандық театр және кино актері Жасұлан Көпберген сөз сөйледі.

Форум аясында жастардың бастамашылдығымен командалық өзара іс-қимылын дамытуға ерекше көңіл бөліндіБағдарлама мотивациялық кездесулердіпікірталастардысеминарлар мен тренингтердісондай-ақ командалық ойындарды қамтыпқатысушылардың практикалық білім мен командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге бағытталдыІс-шара барысында қатысушылар ауылдың болашағына қатысты өзекті мәселелерді және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа тәсілдерін талқылап, оны дамытуға арналған жаңа идеялар қалыптастыруға үлес қосты.

Осы орайда Жамбыл облысынан келген форум қатысушысы Едіге Өсер мұндай форумдар жаңа таныстықтар мен жаңа мүмкіндіктерге жолашатын алаң екенін атап өтті:

«Мен Қостанай қаласында өткен жастар форумына қатысыпжасанды интеллект саласындағы білімімді тереңдетіпқұнды практикалық тәжірибе алдымКейін осы алған дағдыларымды ветеринария саласындағы студенттер мен болашақ мамандарға арналған республикалық кәсіби шеберлік байқауы VetPro-да қолданыпқұрметті II орынды иелендімСондықтан мұндай іс-шаралар жастарға өз әлеуетін ашуға және нақты нәтижелерге қолжеткізуге күшті серпін береді деп есептеймін», – деді.

Іс-шараға «Ауыл» партиясының жастар қанатының белсенділерістуденттік жасақтардың көшбасшылары, жас мәслихат депутаттарыпартияның кадрлық резерв мүшелеріқоғам қайраткерлерітанымал блогерлер және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

«Auyl Jastary» форумы – ауыл жастарын біріктіретін маңызды диалог алаңы ғана емессонымен қатар жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама. Форум жастардың заманауи білім мен технологияларды меңгеріп, ел дамуына үлесқосатын белсенді әрі жауапты орта қалыптастыруды көздейді.

Кештің жарқын қорытындысы жастарға арналған «Auyl Party» концерттік бағдарламасы болдыСахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Мөлдір ӘуелбековаТұрар ЫдырысЖасұлан Көпберген, Абзал Өтешов және Болат Қобыланды өнер көрсетті.

«Ауыл» партиясы алдағы уақытта да жастардың зияткерлік әлеуетін ашуға бағытталған осындай бастамаларды жүйелі түрде дамытуды жалғастырады.

turaninfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.