Алматыда Мұхтар Шахановтың 40 күндік асы өтті
Алматыда Мұхтар Шахановты еске алу асы өтті. Алматыда Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың рухына арналған 40 күндік ас берілді.
Аталған шара 30 мамыр күні сағат 13:00-де Алматы қаласындағы «Triumph Hall» мейрамханасында өтті. Асқа зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, қоғам қайраткерлері және ақынның рухына құрмет көрсетуші азаматтар жиналды.
Шараға шамамен 500 адам қатысты.Ас беруші тарап ретінде Шымкент қаласының әкімдігі аталғаны хабарланды. Жиында Мұхтар Шахановтың қазақ әдебиеті мен қоғамдағы орны, оның шығармашылық мұрасы мен ел дамуына қосқан үлесі ерекше аталып өтті. «Triumph Hall» мейрамханасында өткен жиын барысында қонақтар марқұмның рухына Құран бағыштап, еске алу сөздерін айтты.
фото және ақпарат: Politico.kz