Биыл балаларға Ұлттық қордан 900 млн доллардан астам қаражат аударылды

0 41
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балалардың жеке шоттарына 900 млн доллар аударылды.
📌Қазір елімізде 6 млн 900 мыңнан астам бала бар. Соңғы он жылда жасөспірімдер саны 1,5 миллионға өскен. Демографиялық өсімге байланысты мемлекет балаларды қаржылай қолдау шараларын күшейтіп отыр.
Мәселен бағдарлама іске қосылған 2024 жылы әр балаға шамамен 100 АҚШ доллары берілген еді. Биыл бұл сома 130 долларға жетті.
❇️Жоба балаларға кәмелет жасына толғанда сапалы білім алуға, мамандық меңгеруге және баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.