Ескендір Хасанғалиев пен жары жансақтау бөлімінде жатыр

0 928

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары Дарико Хасанғалиева жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды

«Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рахмет сіздерге! 4-5 күн болды ата-анам жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер жағдайы «орташа тұрақты» деген, осы сөздің өзі маған үміт пен сенім береді», делінген жазбада.

Еске сала кетейік, 10 сәуірде Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев пен оның жары Дарико Хасанғалиеваның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.