«1+1» көркем фильмі сотталғандарға көрсетілді

0 16

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында тәрбиелік және мәдени іс-шаралар жоспарына сәйкес «1+1» атты көркем фильм көрсетілді. Аталған іс-шара мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері мен психолог мамандарының бірлесуімен ұйымдастырылды.
Фильм адамгершілік, достық, өзара қолдау, мейірімділік және өмірге деген сенімді арттыру секілді маңызды құндылықтарды насихаттайды. Көрсетілімнің негізгі мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, олардың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру, эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болды.
Фильм көрсету барысында сотталғандар белсенді қатысып, фильм мазмұны бойынша өз пікірлерімен алмасты. Психолог мамандары сотталғандармен профилактикалық-психологиялық сұхбат жүргізіп, өмірдегі қиын жағдайларды еңсеру, адамдар арасындағы сенім мен сыйластықтың маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар, мұндай мәдени іс-шаралардың сотталғандардың эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ететіні атап өтілді.
Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері тәрбиелік және психологиялық бағыттағы мәдени шаралардың алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді. Осындай мазмұнды кездесулер сотталғандардың рухани дамуына, жағымды мінез-құлық қалыптастыруына және қайта әлеуметтену процесіне оң септігін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.