«Хатико: Самый верный друг» фильмі сотталғандарға көрсетілді
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында мәдени-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, «Хатико: Самый верный друг» көркем фильмі көрсетілді.
Фильмнің негізгі мазмұны адалдық, шынайы достық, сенім және адамгершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Көрсетілім барысында сотталғандарға өмірдегі қиындықтарға қарамастан адам бойындағы мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерінің маңызы түсіндірілді.
Іс-шара аясында сотталғандармен тәрбиелік-психологиялық әңгіме жүргізіліп, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау, адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнату және жағымды ой қалыптастыру жөнінде түсіндірме жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, мұндай мәдени шаралардың сотталғандардың психологиялық жағдайына оң әсер етіп, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ететіні атап өтілді.
Фильм соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көрсетілген туындыдан алған әсерлерімен бөлісті. Осындай тәрбиелік маңызы бар мәдени іс-шаралар мекемеде алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.