3,2 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

0 55
2025–2026 оқу жылында жалпы құны 3,2 млрд теңгені құрайтын ірі жобалар жүзеге асырылуда.
Бұл ретте, Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке 784 млн теңге, Жақсылық ауылындағы Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектепке 384 млн теңге бөлініп, білім нысандары күрделі жөндеуден өткізілді.
Сондай-ақ, Малдыбай ауылында 1,6 млрд теңгеге 120 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қарақат ауылындағы №2 шағын орталықты орта мектеп жанынан 464 млн теңгеге жапсарлас спорт залдың құрылысы жүргізілуде.
Осылайша, мемлекет тарапынан білім беру саласына, оның ішінде жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.