МОЙЫНҚҰМ — ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ КӨШБАСШЫСЫ!

0 13
Меркіде өткен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы волейбол турнирінде МойынқҰм ауданының құрамасы жарқын жеңіске жетіп, облыста өз шеберлігін тағы бір айқындады! 🔥
Топтық кезеңде біздің батыр қыз-жігіттер нағыз мықтылардың мықтысы екенін дәлелдеді. Олар:
✅ Байзақ ауданын — 2:0,
✅ Шу ауданын — 2:1,
✅ Жуалы ауданын — 2:0 есебімен жеңіп, ешкімге дес бермеді!
Бұл нәтиже оларды финалға алып шықты. Финалда алаң иесі — Меркі құрамасы күтіп тұрды. Қызу тартыс, тынымсыз шабуыл, жалынды рух! Нәтиже — 2:0. Жеңіс біздікі! 🎉
Турнирдің үздік ойыншысы атанған Жалғас Құдайбергенге ерекше қошемет! Оның шеберлігі, тактикалық ойы мен көшбасшылық қасиеті бүкіл жарыстың көркін берді. ⭐
Жалпы есеп:
🥇 1 орын — Мойынқұм ауданы
🥈 2 орын — Меркі ауданы
🥉 3 орын — Шу ауданы
Турнирге облыстың 8 ауданынан мемлекеттік қызметкерлер қатысып, жауапкершілік пен спорттық рухтың тамаша үлгісін көрсетті. Бірақ бүгін даңқ мойынқұмдықтардікі!
Құтты болсын, жеңістеріңіз көп болсын! Бұл — бірліктің, достық пен адал еңбектің жеңісі. Мойынқұм атынан барша қатысушыларға мықты қарсылық үшін алғысымыз шексіз!
🙌 Осы жеңіс біздің ауданымыздың мықты рухының айғағы!
Leave A Reply

Your email address will not be published.