«Тіл – татулық тірегі»

0 29
⚜️ Меркі ауданында «Тіл – татулық тірегі» атты аудандық тіл өтті
Фестивальдің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлт бірлігін нығайту және ана тілімізге деген құрметті арттыру болды.
Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы құттықтау сөз сөйлеп, тілдің ұлт болашағындағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ақын-жазушылар, этномәдени бірлестік өкілдері мен белсенді жастар өз лебіздерін білдіріп, ел бірлігі мен татулықтың тірегі – ортақ тіл екенін жеткізді.
Фестиваль аясында:
▫️ театрландырылған қойылымдар
▫️ көркем сөз оқу
▫️ қазақ биі мен әндері
▫️ бейнеролик көрсетілімі
▫️ белсенді қатысушыларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Кеш соңында орындалған «Атамекен» әні көпшілікке ерекше әсер сыйлап, фестивальдің мазмұнын айшықтай түсті.
Ана тіліміздің мәртебесі биіктеп, бірлігіміз нығая берсін!
Leave A Reply

Your email address will not be published.