🏥Курчатов ауруханасындағы жөндеу жұмыстары қадағаланды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Курчатов қалалық ауруханасының соматикалық бөліміндегі күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты.

Күрделі жөндеу аясында өрт дабылы, бейнебақылау, оттегі жүйелері жаңартылып, электр желілері мен жарықтандыру жүйелері жөнделеді. Сонымен қатар ішкі әрлеу, еден және төбе жабындарын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Аймақ басшысы медициналық қызмет сапасын арттыру үшін аурухананы заманауи талаптарға сай жаңғыртудың маңызына тоқталды.

«Медицина мекемелеріндегі жағдай, ең алдымен, тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Сондықтан жөндеу жұмыстары сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажет. Курчатов қаласының тұрғындары заманауи әрі қолайлы медициналық қызмет алуға тиіс», – деді Берік Уәли.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ