Мектептерде қорытынды емтихан қашан басталады?
2025-2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімі бекітілді.
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді. 9-сынып оқушыларының қорытынды емтиханы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 17-18 маусым аралығында өтеді. Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.
https://massaget.kz
Фото: gov.kz