Соңғы қоңырау: қауіпсіздік шаралары күшейтілді

0 39
Мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің, батальон командирінің, Полиция басқармасы бастығының орынбасарының және Тараз қаласы әкімінің орынбасарының қатысуымен арнайы жиын өткізілді.
Жиын барысында түлектер мен олардың ата-аналарына рұқсат етілмеген отырыстар ұйымдастыруға, табиғат аясында бақылаусыз демалыс өткізуге, сондай-ақ автокөліктермен шеру жасау секілді құқықбұзушылық әрекеттерге жол бермеу қажеттігі жөнінде ескертулер айтылды.
Сонымен қатар көлік жалға берумен айналысатын кәсіпкерлер мен жүргізушілер де жиынға шақырылып, оларға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң талаптарын бұзу, сондай-ақ бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді тиісінше орындамаған ата-аналарды жауапкершілікке тарту тәртібі кеңінен түсіндіріліп, қатысушылар назарына ұсынылды.
Сондай-ақ ойын-сауық орындары мен мейрамхана кешендерінің әкімгерлері мен кәсіпкерлеріне заң талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша арнайы ақпараттар берілді.
25 мамыр күні өтетін мектеп бітіру салтанатты шарасынан кейін түлектердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағымды естеліктер қалыптастыру мақсатында мектеп қабырғасында түрлі форматтағы тәрбиелік, мәдени-танымдық, спорттық және тимбилдинг бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру мектеп әкімшілігіне тапсырылды.
Іс-шараларды өткізу барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, ата-аналармен және жауапты жетекшілермен тұрақты байланыс орнату бағытында педагогтер мен полиция қызметкерлері бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.