МҰРАЖАЙ – ТАРИХ АЙНАСЫ

0 44
🔰Тарихын құрметтеген елдің болашағы қашанда жарқын болмақ. Мұражай — халқымыздың рухани жады, ұлттық құндылықтарымыздың алтын ордасы. Өткенімізді ұмытпай, мәдени мұрамызды көздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа аманат ету — баршамыздың парызымыз. 18 мамыр — Музей күніне орай, Саудакент ауылдық мәдениет үйінде «Мұражай – тарих айнасы» атты мерекелік кеш өтті. Шара шымылдығы «Саудакент» халықтық театрының «Балауыз мүсіндер мұражайы» атты көрінісімен ашылды.
🔰Кешке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, музей көне жәдірегімізді сақтауда маңызды нысан әрі тарихтың тылсымынан сыр шертетін орын екенін айтты.
Сонымен қатар, журналист, аудандағы алғашқы музейдің негізін қалаушы Төкен Мақашевтың қызы Гүлнәр Мақашеваның иығына шапан жапты.
Сондай-ақ бірқатар ауданымыздың әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарын тапсырды. Кеш концерттік бағдарламаға ұласып, ауыл өнерпаздары өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.