Қазақстанда 286 музей жұмыс істейді

0 56
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей саласының қызметкерлерін Халықаралық музейлер күнімен құттықтады.
«Бүгінде Қазақстанның музей саласы – ауқымды әрі қарқынды дамып келе жатқан жүйе. Елімізде 286 музей жұмыс істейді. Олардың қорында 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған, ал музейлерге жыл сайын 6,5 млн-нан астам адам келеді. Бүгінде музейлер ғылыми-зерттеу, білім беру және ағартушылық бағыттағы заманауи орталықтарға айналып келеді. Тек өткен жылдың өзінде республикалық музейлер 1,5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды. Оның ішінде 187 көрме өтіп, оларды 800 мыңға жуық адам тамашалады», — делінген құттықтауда.
Сондай-ақ Аида Балаева E-museum бірыңғай цифрлық кеңістігінің дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл жүйеге еліміздің барлық 20 өңірінен 284 музей қосылған.
📌Айта кетейік, бүгін кешке еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі «Музейлер түні» акциясы өтеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.