КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР: МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ

0 52

Меркі ауданының Үміт сарайында Конституциялық реформа аясында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, білім саласының ұжымы мен білім беру мекемелерінің директорлары, сондай-ақ Үміт сарайының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, реформалардың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, этносаралық келісімді сақтау, қоғамдық тұрақтылықты нығайту және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері көтерілді. Қатысушылар ел дамуына бағытталған саяси жаңғырулардың маңыздылығына тоқталып, өзара пікір алмасты.
Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді. Мұндай мазмұнды басқосулар қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Меркі Ауданы Әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.