Семейде ер адам бүлдіршіндерге қарап тұрып, ұятсыз әрекет жасады

0 55

Оқиға Восточный ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған.

Семей тұрғындары тұрғын үй аулаларының бірінде болған жағымсыз оқиғаның куәсі болды. Көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам балаларға қарап тұрып, мастурбация жасады.

Оқиға қаланың Восточный ауданындағы аулалардың бірінде болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды.

Ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрып, балалар алаңында жүрген бүлдіршіндерге қарап, әдепсіз әрекет жасаған.

Оны жергілікті тұрғындар ұстап алып, кейін полиция қызметкерлерін шақырған.

«Сот шешімімен Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны Восточный ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде жасаған әрекеті үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Құқық бұзушы бақылауға алынды», – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Видеодан скрин
Leave A Reply

Your email address will not be published.