Тыл еңбеккері Топатаева Күнімханға құрмет көрсетілді
Жеңіс күні мерекесіне орай Ойық ауылдық округінің әкімі Қайрат Ошақбаев тыл еңбеккері Топатаева Күнімханның үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Күнімхан Топатаева 1932 жылы бұрынғы Қызылтаң, қазіргі Аққұм ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдары жасына байланысты майданға қатыспаса да, ауылда қалып тылда еңбек етіп, майданға зор көмек көрсеткен. Мал бағып, сүт тапсырып, сарбаздарға жүннен бұйымдар тоқып жіберіп отырған.
Кездесу барысында ардагер ананың еңбегі ерекше аталып өтіп, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, мерекелік сыйлықтар табысталды.