ЕШКІМ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС!

0 31
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Шақпақ ауылдық округіне қарасты Т. Дүйсебайұлы ауылындағы «Ешкім ешқашан ұмытылмақ емес» атты Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған монумент алдында тағылымды еске алу шарасы өтті.
Шара барысында ауылдағы мекеме қызметкерлері мен тұрғындар монументке гүл шоқтарын қойып, ел үшін жанын қиған боздақтар мен тыл еңбеккерлерінің рухына тағзым етті. Сондай-ақ, майдангерлерді еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды.
Іс-шарада Шақпақ ауылдық округінің әкімі Н.Балтабаев, аудандық мәслихат депутаты Е.Абдиваитов және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көшербаев сөз сөйлеп, Жеңістің тарихи маңызы мен бейбіт өмірдің қадірі туралы тағылымды пікірлерін жеткізді.
Батырлардың ерлігі — мәңгілік!
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!
Leave A Reply

Your email address will not be published.