ЖАМБЫЛДА АЛАЯҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕ ӘПЕРЕМІН ДЕП МҮГЕДЕК АДАМДЫ АЛДАП КЕТКЕН
Оқиға 2025 жылдың қазан айында болған. Айыпталушы жәбірленуші С.-тің ІІ-топтағы мүгедектігі бар інісінің жағдайын біліп, оның атына 5 миллион теңге көлемінде «қайтарымсыз несие» рәсімдеп беруді ұсынған. Сенімге кірген ол бұл қызметі үшін алдын ала 300 мың теңге сұрап, жәбірленушіден ақшаны алған.