САРЫСУДЫҢ ДАҢҚТЫ ПЕРЗЕНТІ, САЗ ӘЛЕМІНІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ ИЛЬЯ ЖАҚАНОВ 90 ЖАСТА

0 86
Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы, композитор, музыка саласының дамуына елеулі үлес қосқан Илья Жақанов 90 жасқа толып отыр.
🔰Сазымен кең даланы тербеген даңқты тұлға — 1936 жылдың 6 мамырында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1959 жылы «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып бастап, әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметтерін абыроймен атқарған.
🔰Қарымды қаламгердің «Қайта оралған ән» , «Қош бол, вальс» повестері шықты. Қазақтың ұлы қобызшысы Ықылас жайлы «Кертолғау» романы алғаш қырғыз тілінде, кейін қазақ тілінде «Ықылас» деген атпен жарық көрді. «Екі жирен», «Бірінші концерт» , «Махаббат вальсі», «Аққулар қонған айдын көл» атты деректі әңгімелер, эсселер және новеллалар жинағы, сондайақ «Қарабура» тарихитанымдық шығармасы, «Сынған қылыш» атты қырғыз тілінен аударылған (Қасымбеков шығармасы) тарихи романдары жарық көрді.
🔰Илья Жақановтың «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық», «Нені ойладың», «Есіл жағасында» сынды әндері ел арасында әлі күнге дейін орындалып келеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.