Құқықтық сауаттылық – қоғам тұрақтылығының негізі

0 62
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасы Шөлдала шекара бөлімшесінде «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ» атты оқырмандар форумы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау, жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті күшейтіп, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған берік көзқарас қалыптастыру болды.
Форум барысында сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуына, қоғам тұрақтылығына және азаматтардың әлеуметтік сеніміне тигізетін теріс әсерлері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, оның алдын алу жолдары, құқықтық тетіктері мен адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара аясында сөз кезегі Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлар бөлім бастығының орынбасары, подполковник Абеуғалиев Сержан Қабдығалиұлына берілді. Сондай-ақ «Шөлдала» шекара бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Ералхан Асхат Әзизғалиұлы да сөз сөйлеп, қоғамдағы адалдық пен заң үстемдігін сақтау, әскери қызметкерлердің тәртіп пен жауапкершілікті қатаң ұстануы, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттырудың маңызы жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Форум барысында қатысушылар белсенді пікір алмасып, адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтары туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жиынға қатысушылар тақырып төңірегінде ашық сұхбат құрып, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты көзқарастарымен бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шара аясында құқықтық және танымдық әдебиеттерден құралған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға шолу жасалды. Көрмеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық ұстанымды нығайтуға бағытталған еңбектер таныстырылды.
Жалпы алғанда, «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ» атты оқырмандар форумы мазмұнды пікір алмасуға ұласқан, тәрбиелік және танымдық мәні зор, тағылымды іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.