МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ …
Бүгін Талас ауданындағы Бірлестік орта мектебінде аудан әкімінің орынбасары Төлендіұлы Дәулет және Жастар ресурстық орталығының маманы Нұрсұлтан Манатбековтың қатысуымен 5–9 сынып оқушыларымен еркін форматта кездесу өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға маевка, түрлі отырыстар ұйымдастыру кезіндегі тәртіп ережелері, сондай-ақ көшеде жүру мәдениеті мен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздікті сақтау мәселелері кеңінен қамтылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандар тарапынан толық жауаптар алды.
Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.