ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін — Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күнде ынтымақ пен бейбітшілік жарқын көрініс табады. Елімізде берекенің кілтін тауып, бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жүрген этнос өкілдері қиын қыстау кезеңдерде құшағын ашып, достықпен қол ұсынған қазақ халқына шексіз алғыстарын білдіріп жатады.

Құттықтау шарасы барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов бірқатар ардагерлерге «Ауданның Құрметті ардагері» төсбелгілерін тапсырды.