Астанада 20 жастағы жігіт стоматологияда көз жұмды

0 53

Астанадағы стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы елорда тұрғыны қайтыс болды. Ақпаратты Астана қаласы полиция департаменті растады.

«Астана полиция департаменті қаладағы стоматологиялық клиникалардың бірінде 20 жастағы астана тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу шаралары басталды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Threads әлеуметтік желіcінде Астанадағы стоматологиялық клиникада жас жігіттің қайтыс болғаны туралы хабарлама тараған.

«Тіс дәрігері препаратты аллергиялық тестсіз енгізген. Инъекциядан кейін ол құрысып, жағдайы тез нашарлаған. Осыған қарамастан оған екінші препарат салынған. Кейін М көз жұмды. Сондай-ақ инъекцияны тәжірибеден өтуші дәрігер аллергиялық тестсіз енгізгені және тіс дәрігері жағдайды дұрыс бақыламағаны туралы хабарланды. 1993 жылы туған медбике де қатысқан», — делінген жазбада.

Коллаж: Ulysmedia

 Paryz.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.