Көкшетауда жеке үйде екі газ баллоны жарылып, өрт шықты*

0 51

Үйде екі газ баллоны бірінен соң бірі жарылған.

Көкшетау қаласында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден ірі өрт шықты.
Ведомство мәліметінше, тілсіз жау шамамен 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің жылдам таралуына үй ішінде орналасқан екі газ баллонының өрт сөндірушілер жеткенге дейін жарылуы себеп болған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, шақырту түскен сәттен бастап 40 минут ішінде өртті толық сөндірді. Сонымен қатар мамандар үй ішінен көлемі 27 литр болатын тағы екі газ баллонын сыртқа шығарып, ықтимал жаңа жарылыстардың алдын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда. Мамандардың болжамынша, өрт қасақана қойылуы мүмкін.

Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Politico.kz.

Видеодан кадр

Leave A Reply

Your email address will not be published.