ЖАСЫҢА ЖЕТПЕЙ ҚАРТАЙМА

0 62
Қартаю мен немере бағудың жас айырмашылығын білу керек.
Ене, ата болып, немереге қарау 40 жастан 55-ке дейін, әрісі 60 жас. Ол жастан кейін кісі қартаяды, сырқат меңдейді. Бала бағу тым қиын бола бастайды. Бұл жасқа жеткенде ұл мен келін біраз жасқа келіп, отбасын толық игеретін кезге жетеді. Немерелер есейеді, кейінге туғандарына қарйтын жасқа келеді. Міне, осы жастан бастап қарі кісілерге ерекше күтім керек, денсаулығына қарасын, қыдырсын т.б.
Осы жағын ашып айту керек еді. Мына видеодағы есітіп алған жас енелер мен жас аталар немерелері туылмай жатып, енді өмірге келіп жатқанда, немереге қарау, тәрбиелеу дегенді білмей, «ой, жеке тұрамыз, жастар да өз-өзі болып жеке тұрсын» деп ақталады. Құдай ұл берді, қыз берді, шүкірлік ет. Енді олардан сүп сүйкімді немерелер көріп жатсың. Қуан, сүйін. Бойыңда күш-қуатың бар кезде соларға қара, тәрбие бер, өнеге көрсет. Немерелерді әкесі мен шешесі балаларына қарауға, жақсы тәрбие беруге жұмыстан қолы тимейді. Олар жас, қыдыру, той тойлау тб.
Ал, сіз 40-тан 55-ке жеткенше бойыңызда қуат бар. Немереге қара, бақ, атаның, әженің тәрбиесін алған ұрпақтың азғанын көргенім жоқ. Ерекше тәрбие алады.
Қартайғанша балалардан жеке тұрып, бойыңнан күш-қуат кеткен кезде жаны жалау болар немерең алыста жүрсе, керегінде көмектесер келін өз үйінде жүрсе, жаны ашып, жаныңда жүрер ұл-қызың алыста жүрсе, міне, сол күндер қасірет қой, пендеге. Құдай жаратқан пендесін қартайғанда сүйеу болар, жаныңа жалау болар ұрпағынан алыстатпасын.
Әлі де жазар дүние көп, қысқа қайырдым.
Оңдасын Оразов
Leave A Reply

Your email address will not be published.