Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

0 17

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.

Қоғам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас көпшілік жағдайларда мемлекеттік қызметтерді тұтыну барысында орын алады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінің барлық салаларын  қамтитыны белгілі, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болады.

Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау,  қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады сіздерге мәлім.

Өз кезегінде, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.

2026 жылдың ақпанда Департаментке мемлекеттік қызмет алушының сенімді өкілінен (өз анасының мүддесі қорғау үшін) шағым келіп түсті, шағымда көші-қон қызметі органдары «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметі бойынша дұрыс емес мекенжай бойынша тіркеу жүргізілгенін, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы анасы нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, аталған қызметтерден сенімді ақпарат ала алмады, бұл өз кезегінде соттың заңсыз шешіміне және одан әрі Департаментке жүгінуге әкеліп соқтырғандығын көрсеткен.

Істің мән-жайларын зерделеу нәтижесінде Департамент көші-қон қызметіне алушының нақты тұрғылықты жері бойынша оны тіркеу жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ «Халықты құжаттандыру және тіркеу» «Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне тиісті түзетулер енгізе отырып, сұрау салынған кезеңге тіркеу туралы дұрыс ақпарат беру қажеттігі туралы ұсыныс жолдады.

Осылайша, Департамент ден қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құқықтары толық қалпына келтіріліп, тиісті ақпарат ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 8А мекенжайы немесе 8(7262)438808, 438849 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.

Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

 

 

Қ.Қ. Мадиев

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.