САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ БІРІ!

0 21

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.

Қоғам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас көпшілік жағдайларда мемлекеттік қызметтерді тұтыну барысында орын алады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінің барлық салаларын  қамтитыны белгілі, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болады.

Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау,  қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады сіздерге мәлім.

Өз кезегінде, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтер 21 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, 11 облыстық басқармаларымен, сондай-ақ Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының жергілікті атқарушы органдарымен, мемлекеттік ұйымдармен көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік органдармен барлығы 373 қызметтің түрі көрсетіледі, оның ішінде 197  орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне тиесілі болса, 176 жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілген.

Мемлекеттік органдармен 2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысына сәйкес өңірімізде жалпы 3 636 184 қызмет көрсетілсе, 2025 жылдың тиісті кезеңінде барлығы 3 474 436 қызмет келесі нысандар арқылы көрсетілген.

Жалпы осы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің баламалы түрде қағаз нысанда 2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысына сәйкес – 69 899 (1,9%), қызмет көрсетілсе, 2025 жылдың тиісті кезеңінде — 51 524 (1,5%) қызмет көрсетілген болатын. Өткен жылмен салыстырғанда баламалы түрде қызмет көрсету саны 0,4%-ға кеміп отыр, яғни оң бағытта алдыға жылжу бар.

Электронды түрде – 3 560 019 (98%) қызмет көрсетілсе, 2025 жылдың тиісті кезеңінде барлығы – 3 417 025 (98,3%) қызмет көрсетілген болатын. Өткен жылмен салыстырғанда электронды түрде  қызмет көрсету саны 0,4%-ға кеміп отыр.

2026 жылдың 3 айында қызмет берушілермен тікелей қағаз нысанда 6 266 (0,2%) қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері мен шағымдары негізінде тексеру, сондай-ақ, талдау, мониторинг нәтижелері және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүргізіледі.

2026 жылдың есепті кезеңінде Департаментпен барлығы 5 бақылау жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде жалпы 2582 заң бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдеріне мониторинг жүргізу және талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, қызмет көрсету мерзімдері мен бас тарту үшін негіздердің сақталуын мониторингтеу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан жүргізіледі, бұл тиісті шараларды проактивті нысанда, яғни көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдарды күтпей қабылдауға мүмкіндік береді.

Мониторинг қорытындысы сәйкес 1415 дерегі бұзушылық анықталып, Департамент тарапынан жалпы бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолданылып 13 қызметші әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департаментпен 2026 жылдың өткен кезеңінде рұқсат беру құжаттарының мерзімін бұзғаны үшін 3 лауазымды тұлғаларға (0-ОМО, 3-ЖАО лауазымды тұлғалары) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 4 хаттама толтырылды (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабының 1-тармағы-2, 2-тармаы-2 ).

Әкімшілік істер қысқартылған іс-жүргізу тәртібінде қаралып, сомасы 216 250 тг. көлемінде айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілді.

Әкімшілік хаттамалар қызмет көрсетуші органдардың бірінші басшыларына қолданылды.

Сондай-ақ, ақпараттық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп тұратындығы белгілі. Осылайша Департаментпен 2026 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызметті алушыларды ақпараттандыру деңгейін көтеру бойынша жергілікті атқарушы органдармен 32 iс-шара өткізілді, оның ішінде «Елге қызмет» бағдарламасы-8 түсірілім, «Ең алдымен адамдар» 1-курс (қамтылған-27 адам), «Айтарым бар» радио бағдарлама-1, қоғамдық бақылау-3, семинар-18.

2026 жылдың есепті кезеңінде ведомствоаралық жұмыс тобының 1 отырысы өткізілді. Қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, қызмет алу тәртібін ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру бойынша 10 ұсыныс енгізілді (толық орындалды).

Қазіргі уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылғанын атап өткім келеді.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде Департаментпен 161 мемлекеттік қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді (ОМО АБ-1, ЖАО-160). Оның ішінде:

— 154 жоспарлы тексеру нәтижесінде (Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласының білім бөлімі-154);

— 2 жоспардан тыс тексеру жүргізу нәтижесінде (Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің аппараты қызмет алушы «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, Жамбыл ауданы Төлеби ауылдық округі әкімінің аппараты қызмет алушы Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу жерге құқық беру қызметінен негізсіз бас тартуы);

-5 сұрау салу арқылы (мемлекеттік қызмет көрсетуші органдарға азаматтардың жолданымдарының негізінде сұратылып алынған құжаттары зерделеудің нәтижесінде).Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті органдарға ұсыныстар енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «А» мекенжайы немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.

Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

 

Қ.Қ. Мадиев

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.