Сапалы білім елге пайда әкелуге қажет
Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарым кезінде Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде «Болашақтың қайнары» еріктілер қозғалысының қатысушыларымен кездестім.
«Болашақтың қайнары» — министрлігіміздің бастамасымен құрылған су саласындағы алғашқы еріктілер қозғалысы. Оның құрамына Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттері кіреді. Олар «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бұлақ көздерін тазарту жұмыстарына белсенді қатысып келеді.

Еріктілер су үнемдеуді насихаттау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарға үлес қосуды көздейді. Мұндай еріктілер топтарын еліміздің өзге өңірлерінде де құруды жоспарлап отырмыз.
Су саласында білім алып жатқан студенттер «Қазсушар» РМК филиалдарында және министрліктің орталық аппаратында өндірістік тәжірибеден өту, су шаруашылығы саласындағы жаңашылдықтар мен су біліміне қатысты сұрақтарын қойды.
Сапалы білім елге пайда әкелуге қажет дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Қазақстанда су саласындағы білім беру қарқынды дамып келеді. Жоғары оқу орындары мен колледждерде тиісті мамандықтар саны артып жатыр. Сонымен қатар су дипломатиясы сияқты жаңа бағдарламалар енгізілуде. Білім беру стандарттары әзірленіп, жаңартылып жатыр. Бұл шаралардың барлығы су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған. Себебі болашақта осы жастар су саласының білікті мамандарына айналады.