ЧЕРНОБЫЛЬ ҚАСІРЕТІ ЕЛ ЕСІНДЕ

0 29
Чернобыль АЭС-тағы апат – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі. 31 мыңнан аса қазақстандық жауынгер — залалсыздандырушы өздеріне жүктелген әскери міндеттерді ерлікпен атқарды. Соның ішінде сарысулық азаматтар да әскери міндетімен қоса, адам өмірін сақтап қалу үшін жан аямай еңбек етті.
🔰Бүгін “Даңқ” монументінде Чернобыль оқиғасынан зардап шеккен азаматтарды еске алып, гүл шоқтарын қойды. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, зиялы қауым өкілдері, Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
🔰Аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жүмабекұлы сөз сөйлеп, адамзат тарихында орын алған ірі апаттың салдарын жоюға атсалысқан жауынгер — залалсыздандырушылардың ерлік істері ұмытылмайтынын айтты. Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен Чернобыль апатын жоюға қатысқан Аманкелді Өскенбеков те сөз сөйлеп, сынақ алаңында жүріп, қаза тапқан жауынгерлердің есімі ел есінде қалатынын жеткізді. Жиналғандар апатты жоюға атсалысып, қаза тапқан жандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, Чернобыль апатына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.