Халықаралық тәжірибе маңызды
Өңірлік экологиялық саммит аясында Германияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі тәуелсіз институтының (UfU) атқарушы директоры Михаэль Цшишемен кездестім. Әріптесіммен Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында топырақтың тұздану себептерін зерттеу және оны шешуге бағытталған бірлескен жобаны іске асыру мәселесін талқыладық.

Қазіргі уақытта бұл институт Астана қаласында Орталық Азия бойынша кеңсесін ашу жұмыстарын аяқтап жатыр.
Бүгінде Қазақстан үшін су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық тәжірибе маңызды.

Сондай-ақ, бізді су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру саласындағы әзірлемелер қызықтырады. Үшінші өзекті мәселе – су тасқындары мен құрғақшылықты болжау және оларға қарсы іс-қимыл. Оған қоса, бірлескен бизнес-бастамаларды жүзеге асыруды перспективалы бағыт ретінде қарастырамыз.