Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралмас бұрын аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы үстіміздегі жылдың 15 наурызында өткен референдумға белсене атсалысқан бірқатар азаматтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбековке «Барыс» төсбелгісі тапсырылды.

