Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз.
Тараз қаласының бірқатар білім беру мекемелерінің басшылары мемлекет басшысы Касым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты Оқу-ағарту
министрі Ж.Д.Сулейменова салтанатты турде табыстады!!!!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілген республикалық домбырашылар акциясына Тараз қаласының мектеп оқушылары да белсене қатысты. Ұлттық мәдени мұраны насихаттау, оқушылардың домбыра тарту шеберлігін дамыту, патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында өткізілген акция барысында қаладағы №1, 3, 45, 66 орта мектеп пен Оқушылар сарайының домбырашы оқушылары өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсеткен болатын.
Жас күйшілердің бір сахнада бас қосуы – ел бірлігі мен мәдени сабақтастықтың айқын көрінісіне айналды. Акция барысында қатысушылар Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», «Тұран» тобының «Ер Тұран», Айдос Сұлтанбековтың «Домбыра» күйлерін бір мезетте орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
2026 жылдың 20 сәуірі күні Астана қаласында өткен марапттау рәсімінде іс-шараның белсенді қатысушылары мен ұйымдастырушылары арнайы марапаттарға иел болды.

Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия директоры Маханова Әсем Нұрғалиқызы, №3 мектеп-лицей директоры Райқұлұлы Маулен, Бауыржан Момышұлы атындағы №45 гимназия директоры Сәрсембекова Айнур Егетаевна, №66 орта мектеп директоры Шортанбекова Фарида Советбековна, Оқушылар сарайының директоры Аликеева Арай Жұмағалиқызы ие болды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз.