Қытай – тарих пен мәдениеттің алтын сандығы

0 57

ҚХР-ң Гуанчжоу қаласында жылына екі мәрте өтетін Катон-2026 көрмесіне ауданнан баруға ниет білдірген кәсіпкерлерді ұйымдастырып апаруды Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы тапсырған болатын.

Бұл көрме Қытайдағы ең ірі және ең танымал халықаралық сауда көрмелерінің бірі.

Көрме әдетте үш кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы әр түрлі өнім түрлеріне арналады екен. Көрменің негізгі мақсаты экспорт және импорт, әр түрлі саладағы өнімдерді таныстыру болып табылады. Бірінші кезеңі 15-19 сәуір аралығында ( электроника, құрылыс материалдары, тұтыну тауарлары, автокөлік тауарлары, киім-кешек және т.б.) өтті. Екінші кезеңі 23-27 сәуір аралығында (үй тауарлары, ыдыс аяқ, жиһаздар, декоративтік өнімдер т.б.) өтеді. Үшінші кезеңі 1-5 мамыр аралығында ( спорттық бұйымдар, денсаулық құрылғылары, косметикалық өнімдер, аяқ киіммен текстильді заттар т.б.) өтетін болады.

Көрмеге әлемнің барлық елдерінен келіп қатысқанын және Қазақстаннан барған біраз азаматтарды көрдік. Ауданнан шыққан үш кәсіпкермен бірге қатысып қайттым. Кәсіпкерлеріміз ауданға 300 миллионға жуық инвеститция әкелу бойынша келіссөздер жүргізді. Мен төрт күндік сапарымда, Қытай халықынан бірқатар тәжірбие алдым. Мені таңқалдырған біраз дүниелерде болды. Атап айтар болсам: Қытай халқының қонақ жайлылығы, кіші пейілділігі, еңбекқорлығы, заңдарын қатты құрметтейтіндігі және 19 миллион халқы бар Гуанчжоу қаласының тазалығына тәнті болдым. Тазалығын зерделей келе, тазалық тазалаған кезде емес, тазалық сақтаған жерде екеніне көзім жетті. Қазақстан халқын тазалықты сақтауға, кәсіпкерлерімізді алдағы болатын көрмелерді көруге, тәжірбие алмасуға шақырамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.